«Барыс» қарсыласынан ірі есеппен жеңілді

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінде магнитогорскілік «Металлургке» қарсы екінші матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Матч 6:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. «Металлург» сапында шабуылшылар Андрей Чибисов (дубль), Филипп Майе, Брендан Лайпсик, Джош Карри, сондай-ақ қорғаушы Григорий Дронов шайба салды.

Ал «Барыс» сапында швед форвардтары Якоб Лилья мен Якоб Берглунд гол соқты. 

«Металлург» (Магнитогорск) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан) 6:2 (2:1, 3:0, 1:1)

0:1 — 01:16 Лилья (Михайлис, Волк).
1:1 — 05:27 Чибисов.
2:1 — 15:27 Дронов (Неколенко, Никонцев).
3:1 — 21:56 Чибисов (Яковлев, Лайпсик).
4:1 — 30:06 Майе (Хультстрём).
5:1 — 32:56 Лайпсик (Майе, Коробкин).
6:1 — 45:41 Карри (Кошелев, Лайпсик).
6:2 — 57:04 Берглунд (Морроу, Вей).

Қақпашылар: Кошечкин — Ортио.

Серия есебі: 1:1

Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы кездесуде қазақстандық клуб 3:2 есебімен жеңген болатын.

Енді келесі матч 5 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді.