Ілияс Өсеров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастады.

2009-2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды.

2010-2013 жж. – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013-2014 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы.

2014-2015 жж. – Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2015-2019 жж. – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.