
Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ. Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.