ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан күзетші ұсталды

Мәскеуде ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клубтың күзетшісі ұсталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин мәлімдеді.

16 ақпанда Бағдат Дүйсембаев көлік тұрағында күзетшілермен жанжал кезінде, оқ тиіп жаралаған болатын. Спортшының айтынша, спортзалға абонемент сатып алуға барған. Фитнес-клуб қызметкеріне файтердің көлікті дұрыс қоймағаны ұнамаған. Содан кейін күзетші спортшыға бірнеше рет оқ атқан. Дәрігерлер жәбірленушінің кеуде, иық және беліне оқ тиіп жараланғанын анықтады.

38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды. Жақын арада сот оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдайды.