Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар түрінде жауын-шашын, боран болып, жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

«Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2…10 градус аязға дейін, күндіз 2…15 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15…20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0…10 градус аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0…8 градус аяз, күндіз 5…15 градус жылы болады», – делінген хабарламада.