26 ақпан күні таңертең Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британиялық Джеймс Келлиге (25-2, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде орта салмақтағы вакантты WBO Global титулы сарапқа салынады.
Қанат Ислам рингке шықпағалы бір жылдан асты. Ол 2021 жылы 20 ақпанда Майамиде өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы (14-6-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Ал Джеймс Келли былтыр 21 желтоқсанында Экклзде (Ланкашир, Ұлыбритания) отандасы Харри Мэттьюзді (16-51-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Ислам – Келли жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша мөлшермен 26 ақпан таңғы сағат 7:00-де басталады. Кездесуді СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады.