Айдар Әбілдабеков Сауда комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы туған.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген (біліктілігі экономист).

Еңбек жолын 1996-1998 жылдары коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдар аралығында ҚР кеден органдарында жұмыс істеді.

2009-2022 жылдары ҚР статистика органдарында: ҚР Статистика агенттігі Статистика басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Алматы қаласы бойынша статистика департаменттерін басқарды.