Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қандай жұмыстар жасалды?

Биыл өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қандай шаралар жүргізілді? Бұл сауалға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысы барысында жауап берді.

Министрдің айтуынша, солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден, әсіресе, ауылдық және су тасқыны қаупі бар елді мекендерден қар шығаруды жандандыруы қажет.

«Республикалық деңгейде биыл 16 ақпанда Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді», дейді Ю. Ильин.