Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамауға алынды

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», делінген ақпаратта.