Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды

Республикалық автожолдарды су басып, шайып кетуін болдырмау үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұдан басқа, жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір және 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды.

Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі.

Сонымен қатар су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың  арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.