Бейжің Олимпиадасына барған екі адамнан COVID-19 анықталды

Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

14 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 31 адам келді, барлығы басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша бір адамнан COVID-19 анықталды.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 69 786 ПТР сынағы жасалды, оның 5899-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 63 887-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша бір адамнан коронавирус анықталды.