Қытайда төржылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындары басталды. Ақ Олимпиада Ұйымдастыру комитеті, Халықаралық Олимпиада комитеті және Қытай билігінің талаптары мен ережелеріне сай өтуде.
Olympic.kz қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі кестесін назарларыңызға ұсынады.
Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.
Сондай-ақ, бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.
Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу
Сергей Ткаченко, Даниил Васильев
Басталуы: 16:00
ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК