Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу жарысы аяқталды

Қытайда қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін Фристайл могулдан алғашқы іріктеу жарысы өтті.

Алдымен жарыс жолына қыздар шықты. Бұл сында Қазақстан атынан Анастасия Городко, Аяулым Амренова және Олеся Граур бақ сынады.

Біздің спортшылар арасынан бірінші боп өнер көрсеткен Олеся Граур 57.18 ұпай жинап, алғашқы ондыққа ене алмады (23-орын).

Ал Аяулым Амренова 66.82 ұпай жинап, 16-орынға жайғасты. Өкінішке орай Анастасия Городко жарыс жолын аяқтай алмады.

Осылайша, алғашқы іріктеу ешбір спортшымыз келесі кезеңге өте алмады. Бірақ 6 ақпанда өтетін екінші іріктеуде қателіктерін түзеуге әлі де мүмкіндіктері бар.