Данияда COVID-19-ға қарсы барлық шектеу алынып тасталды

Данияда 1 ақпаннан бастап вакцина алғандар саны артқанына байланысты COVID-19-ға қарсы барлық шектеу алынды, деп хабарлады Elorda.info The Herald сайтына сілтеме жасап.

Бізде вакцинаның үш дозасын алған ересектер өте көп, – деді Роскильде университетінің эпидемиологы Лоне Симонсен.

Енді Данияда бетперде мен COVID паспорты міндетті болмайды, барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты шектелмейді. Сонымен қатар түнгі клубтар қайтадан ашылады, жабық бөлмелердегі адам санына шектеу алынып тасталады. Осылайша, Дания Еуропа одағында COVID шектеулерін алып тастаған алғашқы ел болды.