Оңтүстік Африкадағы жарқанаттардан вирустың жаңа түрі табылды

Қытай ғалымдары Оңтүстік Африкадағы зерттеулерінің нәтижелерін жариялады – коронавирустың жаңа түрі анықталды – NeoCoV. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жазды.

Ухань университетінің зерттеушілері Оңтүстік Африка Республикасындағы жарқанаттардан вирустың жаңа түрін тапты. Бұл MERS-CoV-тің ең жақын туысы, SARS-CoV-2-мен жасушаларға ену принциптері ұқсас және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Вирус жануарлар арасында таралады, адам денесімен өзара әрекеттесу үшін оған белгілі бір мутация қажет.

«Оның қабығының негізгі бөлігінде бір ғана мутацияның пайда болуы вирустың адам жасушаларына белсенді енуіне мүмкіндік береді және оған MERS-CoV және SARS-CoV-2 антиденелері әсер етпейді», – делінген хабарламада.

Биологтар атап өткендей, болашақта сарапшылар осы вирустың пайда болу нұсқасын, адамға әсері мен таралуын мұқият тексеруі керек.