«Сары» аймақта тек Түркістан облысы тұр

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазіргі уақытта «сары» аймақта тек Түркістан облысы тұр, қалған өңірлер «қызыл» аймақта.

2022 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.