Жанжігіт Омархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Бұған дейін ол ШҚО әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған болатын
Ж.Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастады, онда журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2011-2015 жылдар аралығында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы және «Еуразия – Бірінші арнасында» бағдарламалар мен ток-шоулардың жүргізушісі.
2016 жылы – «Астана» телеарнасының «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.
2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.