Елордада төтенше жағдай кезінде 7 қару тәркіленді

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі кезінде 7 қару тәркіленіп, 11 есірткі қылмысының жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, блокбекеттер мен қала ішінен тексеріс барысында 7 қару, оқ-дәрілер және 72 суық қару тәркіленді.

Осы жылдың 19 қаңтары күні сағат 00:00-ден бастап елордада төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат аяқталды. Қаладағы жедел жағдай тұрақты және бақылауда тұр. Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында гарнизонның жеке құрамы жұмыс атқарды. 6 блокпост тәуліктік режимге көшірілді. Блокбекеттер мен қала ішінен тексеріс барысында 7 қару, оқ-дәрілер және 72 суық қару тәркіленді. Сонымен қатар 11 есірткі қылмысының жолы кесілді, – делінген хабарламада.