Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірнеше көше жабылды

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;

Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз», – делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.