Алматы және Жамбыл облыстарында автоХҚО ашылды

2022 жылдың 17 қаңтарында Алматы және Жамбыл облысының автохҚО-лары өз жұмысын қайта бастады. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Қаңтар айының басында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстандағы барлық автоХҚО-ның жұмысы уақытша тоқтатылды.

12 қаңтарда Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, еліміздің өзге өңірлерінде мамандандырылған орталықтар өз жұмысын қайта бастаған болатын. Алматы қаласында автоХҚО 14 қаңтарда жұмыс істей бастады.