Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған статистикаға сәйкес, 28 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 8 адам коронавирустан көз жұмған.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 2 науқас. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарында – бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.