Ақтөбе облысында 28 желтоқсанда төрт жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолдың тайғақ учаскесінде 4 жүк көлігі (фуралар) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жүргізуші зардап шеккен. Жолдардағы ЖКО-ның негізгі себебі – жүргізушілердің менмендігі.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге әсіресе қысқы уақытта ауа райының нашарлауына байланысты жолда барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық пен маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жол белгілерінің нұсқамаларын қатаң орындауға және қысқы резеңкеге уақытылы көшуге кеңес береді.