Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары 28-30 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.

Алғашқы күндері Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.

Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Бұдан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады.

Термометр бағаны түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.