Елордада АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жан-жақты қолдау көрсетілді

Нұр-Сұлтанда «Пациенттер мектебі» АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жан-жақты қолдау көрсетті.

Нұр-Сұлтанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жан-жақты қолдау мен емдеу-профилактикалық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту және кеңейту мақсатында шара жасалды. Мұндай іс-шаралардың көпшілігі «Пациенттер мектебінің» қызметі аясында «Жизнь вопреки» қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.

«2021 жылдың қараша-желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК тапсырысымен «Пациенттер мектебі» қызметін іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылды», – дейді «Жизнь вопреки» Қоғамдық қорының жетекшісі Айна Мукушева.

Жалпы «Пациенттер мектебінің» мақсаты – АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (АӨСА) арасында емге және диспансерлік бақылауға бейімділікті қалыптастыру, АӨСА стигмасы мен кемсітушілігінің құбылыстарын жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың әлеуметтік бейімделуі, мультидисциплинарлық тәсілді пайдалана отырып, емдеу-профилактикалық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту және кеңейту.
Үкіметтік емес ұйым мамандары ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған, антиретровирустық терапияны үзген, диспансерлеуден жалтарған адамдардың ішінен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қол ұшын созады.
Жоба шеңберіндегі бірқатар шара қолға алынған.
·       Емдеу-алдын алу іс-шараларының тиімділігін арттыру және АӨСА арасында денсаулық мәселелерінде сауаттылықты арттыру жолымен АРТ-да ұстап тұру, бақылауды ұстануды дамыту.
·   Мақсатты топтағы адамдарды медициналық-әлеуметтік қызметтермен (консультация беру, шағын-сессия) қамту.
·      Диспансерлік бақылаудың бейімділігіне кемінде 90% қол жеткізу.
·      Әлеуметтік сүйемелдеу нәтижесінде АРТ тиімділігінің көрсеткіші кемінде 80% қамтамасыз ету.
·    Психологиялық қолдау, АИТВ-мен өмір сүру дағдыларына үйрету, өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру, медициналық көмекке жүгіну мен мотивацияны арттыру.
·    «Пациент мектебі» шеңберінде мамандардың (психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкер, заңгер), «тең-теңімен» консультанттың жеке және топтық сабақтарын өткізу.
·      Инъекциялық есірткі тұтынушы (ИЕТ) пациенттер арасында АРТ және диспансерлеуді қамтуды арттыру.
·      Реадаптация, ресоциализациялауға көмек көрсету, әлеуметтік ұйымдарға жолдау.
·      АӨСА серіктес ұйымдарға қызмет алу үшін жолдау.

Сондай-ақ, тең консультанттың қатысуымен АӨСА-ны бақылау, емдеу және стигма мен кемсітушілік құбылыстарын жою мәселелері бойынша АМСК медициналық қызметкерлері үшін кемінде  біркүндік семинар-тренинг өткізілді.