«Спутник-V» вакцинасының тіркеу мерзімі 15 қазанда аяқталғаны рас па?

Қазнет қолданушылары адамдарды «Спутник-V» вакцинасымен вакциналау заңсыз, себебі препаратты ҚР аумағында тіркеу осы жылдың 15 қазанында аяқталды деген ақпарат таратуда. Вакцинаны тіркеу мерзімінің өткендігі туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

– ҚР ДСМ МжФБК бұйрығына сәйкес, SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина – Гам-КОВИД-Вак вакцинасына берілген уақытша тіркеу куәлігі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, қазақстандықтардың бұл вакцинамен егілуі заңды. Естеріңізге сала кетейік, препарат клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық қажетті кезеңдерінен өтті және COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз құралы болып табылады.

Яғни, Қазақстанда «Спутник-V» тіркеу мерзімі аяқталғаны туралы ақпарат фейк болып табылады.