«Барыс» «Торпедоны» 4:2 есебімен жеңді

Елордалық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Торпедо» кейінгі матчында уфалық «Салават Юлаевты» жеңіп, Батыс Конференциясының турнир кестесінде 8-орынға көтерілген. Ал «Барыс» кейінгі екі кездесуінде жеңіске жетсе де, плэй-офф аймағына жеткен жоқ.

Бүгінгі ойында «Барыс» қарсыласын 4:2 есебімен жеңді.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) — «Торпедо» (Нижний Новгород) — 4:2 (2:0, 1:1, 1:1) 

Голдар: Каник — 2 (бол., Вей, Фрэттин), 4:22 — 1:0. Лилья — 9 (Мартинссон, Михайлис), 13:23 — 2:0. Вей — 7 (Юрчо), 25:24 — 3:0. Михеев — 2 (Мартынов, Тянулин), 34:16 — 3:1. Пайгин — 5 (Белевич, Тянулин), 44:21 — 3:2. Лилья — 10 (Мартинссон, Валк), 46:11 — 4:2.