
Нұр-Сұлтанда екінші ауысым оқушыларына сабақ тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.
«2021 жылдың 25 қарашасында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.