20 қарашада елордадағы «Алауда» конькимен жаппай сырғанаудың жаңа маусымы басталды. Мұз сарайы дүйсенбіден басқа барлық күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Демалыс күндері «Алауда» төрт сеанс өткізіледі:
11.00-14.00 Кіру Е1
15.00-17.00 Кіру Е2
18.00-20.00 Кіру Е1
21.00-23.00 Кіру Е2
Айта кету керек, жұмыс күндері жаппай сырғанау тек үлкен конькимен жүгіруге арналған жолақта өткізіледі.
Сеанстарға кіру – екінші қабаттың пандусы арқылы. E1 (жасыл) — орталық кіреберістің оң жағында, E2 — сол жақта (қызыл). Кассалар мен конькиді жалға беру пункті сеанс басталғанға дейін 60 минут бұрын ашылады және сеанс аяқталғанға дейін 30 минут бұрын жабылады.
Мұз сарайында хабарлағандай, 12 жасқа дейінгі балалар мұз айдынына ересектермен бірге жіберіледі. Мінбеге кіру тегін. Кіру билетін сіз өзіңіз сырғанау үшін немесе тек баланы мұз айдынына ертіп жүретін болсаңыз да қарамастан сатып алу керек. Жаппай сырғанау сеансына кіру кестеде көрсетілген жаппай сырғанау сеансы басталғанға дейін 10 минут бұрын жүзеге асырылады.
Жалдау ақысы бөлек төленеді. Қоймада: мәнерлеп сырғанау және хоккей конькиі бар. Бағасы: ересектерге 1 сеанс үшін 1 000 теңге. Балаларға арналған 1 сеанс үшін 500 теңге. Конькиді жалға алу үшін «Алау» мұз сарайының ережелеріне сәйкес немесе 5 000 теңге көлемінде кепіл қалдыру қажет.