
Түркістан облысында отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық 28,8%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 10 айында Түркістан облысында отбасындағы жасалған қылмыстар 28,8 пайызға төмендеген. Оның ішінде әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың саны 3,3 пайызға азайған. Бұл жөнінде апта сайын өтетін брифингте ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Асылхан Төреханов мәлімдеді. Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізілген брифингтің тақырыбы “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар туралы” болды.
– Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаменті құрылымдарының учаскелік полиция инспекторларымен тұрмыста құқық бұзған 3 465 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
517 адамға қатысты мінез-құлқына сотпен ерекше талап белгіленіп, профилактикалық жұмыстар атқарылды. Ал облыс көлемінде қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен 104 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 63 азамат сот шешімімен маскүнемдік және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу мекемесіне орналастырылды.