Африка кубогінде қазақстандық триатлоншы қола жүлдегер атанды

Демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өткен триатлоннан Африка кубогінде қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Шабалинаның қорытындысы көрсеткіші – 01:01:34. Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима иеленді.

Жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлет қатысты.