Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға cолтүстік-батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер ықпал етуін жалғастырады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы циклон сақталып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы төмендеп 18-23 градусқа дейін аяз болады, орталықта және шығыста түнде 8 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 9-17 градус жылы болады.