Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы 16 желтоқсанда отандасы Нұрберген Шәріповпен кездеседі.

«Ресми! Қуат Хамитов vs Нұрберген Шәріпов. 16 желтоқсанда MFC-2-де, грэпплингтен жекпе-жек», — деп жазды Хамитов Instagram-парақшасында.