«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткіздI.
Кездесу басында қазақстандық команданың басымдығы байқалып тұрды. Ресейлік клуб қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 7-минутта Никита Михайлис елордалық ұжымды алға шығарды. Ал 11-минутта тағы бір қазақстандық Егор Петухов есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде тізгінді ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестірді. Алдымен 33-минутта Александр Хохлачёв мергендік танытты. Ал 39, 49-минуттарда Йори Лехтеря көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 51-минутта Дмитрий Кугрышев «Спартактың» басымдығын арттырды. Ресейлік Александр Никишин 52-минутта қорытынды есепті белгіледі.