Ақтөбеде екі әйелді көлік қағып кетті

 Ақтөбеде жүргізуші қолайсыз ауа райын ескермей, жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мазда-3» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, Ақтөбе қаласы Жанқожа батыр көшесі бойындағы жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші, 31 және 50 жастағы әйел Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Жол-қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.