
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) француз Хассан Н’Даму Н’Жикаммен (38-5-0, 21 КО) алдағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақ пен француз арасындағы жекпе-жек 20 қарашада өтеді.
«Н’Жикам – жақсы боксшы, ол бұрынғы әлем чемпионы, мен оны құрметтеймін», – деді Әлімханұлы.
– Талай танымал боксшымен жұдырықтасты, бірақ мен ерекше қарсыласпын, мұны бәрі біледі.
Qazaq Style – әлемдегі ең үздік стиль. Бұл менің мансабымдағы ең оңай жекпе-жек болады. Орта салмақта бір ғана король бар, ол менмін.
Мен Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Муратаны нокаутқа түсіргім келеді. Жақын арада оған да қол жеткіземін», – деді Әлімханұлы.