Бүгін «Барыс» «Сочиге» қарсы ойын өткізеді

Бүгін елордалық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында сырт айдында «Сочиге» қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 ойыннан кейін 24 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында 10-орынға табан тіреді. «Сочи» 28 кездесу өткізіп, 22 ұпаймен 11-орында тұр.

Кейінгі матчта «Барыс» челябинскілік «Трактордан» 4:5 есебімен жеңілсе, «Сочи» сырт айдында «Торпедоға» (1:5) жол берген болатын.

«Барыс» – «Сочи» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 22:20-да басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметінен.