Мемлекеттік органдарға жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылды

Сондай-ақ облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптард бұзған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерала Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына қол астындағы жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылды»,-  деп хабарлады Премьер-министрдің сайты.

Сондай-ақ, облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.