Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол 51 келі салмақ дәрежесінде Белград  шаршы алаңына шықты. Әлем чемпионатының финалында қазақстандық Сәкен Бибосынов  америкалық Рискоу Хиллмен кездесті. Екеуара тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Сәкеннің еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.