«Барыс» Нұр-Сұлтанда челябілік «Тракторды» қабылдайды

Бүгін елордалық «Барыс» Нұр-Сұлтанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) чемпионаты аясында өз алаңында челябілік «Тракторды» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта «Барыс» 26 ойыннан кейін 23 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде оныншы орында келеді. «Трактор» 40 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орында тұр.

«Барыс» – «Трактор» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да басталып, QazSport телеарнасының эфирінде көрсетіледі.