Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды

24 қазанда Белградта басталған бокстан әлем чемпионатының аяқталуына да аз уақыт қалды. Финалға жолдама алған 4 спортшымыз алтын медаль үшін таласқа түспек, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың финалдық кезеңі 5 және 6 қараша күндері болады. Қазақстан финалға өткен спортшылар саны бойынша алғашқы орында келе жатыр.

Бүгінгі финалдың жұптары:

48 кг Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) — Вуттичай Юрачай (Таиланд);

54 кг Махмұд Сабырхан (Қазақстан) — Томоя Цубои (Жапония);

60 кг Абдумалик Халоков (Өзбекстан) — Софьян Умиа (Франция);

67 кг Севонрец Окадзава (Жапония) — Омари Джонс (АҚШ);

75 кг Йоэнлис Эрнандес Мартинес (Куба) — Джамбулат Бижамов (Ресей);

86 кг Кено Мачадо (Бразилия) — Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан);

+92 кг Давит Чалоян (Армения) — Марк Петровский (Ресей).

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатының финалы 23:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасынан көруге болады.