Елордада бір тәулікте 74 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 адам зардап шекті.
Ауа райы мен жауын-шашынға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелері мен жолдағы аралықты мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Жүргізушілер үшін мұндай ауа райы өте қауіпті. Жол тайғақ, сонымен қатар түнгі уақытта қатты салқын түседі. Бұл жағдайлар көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына ықпал етеді. Жолдардағы қауіпсіз қозғалыс мақсатында елордалық полицейлер автокөлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыруды ұсынады.
Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Қолайсыз ауа-райында жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көліктерді көрмейді және олардың әрекеттері кейде күтпеген жерден болады. Осыған байланысты, жүргізушілерге қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса сақ болуға кеңес береміз.