Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Франция мен Тәжікстанға қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Сергей Малый, Александр Марочкин (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Ескендір Қыбырай («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Каспий»).

Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников – бас бапкердің көмекшісі, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылар бапкері, Нұрлан Битұғылов – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Александр Шапкин – массажист, Владимир Фрайнд – сарапшы, Ермұхамед Мәулен – медиа-офицер, Ербол Қайыров – медиа-офицер, Саясат Дүйсембиев – бейнеоператор, Максим Шауберт – әкімші, Төлеухан Кульдиков – менеджер.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қарша күні Франция құрамасына қарсы ойнайды. Матч «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ал 16 қараша күні ұлтық құрамамыз «Астана Аренада» Тәжікстан командасына қарсы жолдастық матч ойнайды.