«Қазгидромет» РМК 30 қазан мен 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Демалыс күндері Қазақстан аумағына Солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі, желдің күшеюі, солтүстік облыстарда жаяу бұрқасын және көктайғақ, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі байқалады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.