Синоптиктер 28-30 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алдағы күндері Солтүстік циклон мен атмосфералық фронттар жүріп өтеді.
Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді, еліміздің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болады.
28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман болжанады.
Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3- 8-ге дейін, күндіз негізгі фон – 5-15 градус жылы.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10- нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылы болады.
Оңтүстікте түнде 5 градус аяз және 8 градус жылы, күндіз 7-15 градус жылы, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылы, күндіз 10-18-ден 7-15 градусқа дейін жылынады.