26 қазанда бокстан Белградтағы әлем чемпионатында шаршы алаңға екі қазақстандық шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сәкен Бибосынов 1/16 финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады.
Ал 75 келідегі Нұрқанат Райс 1/32 финал аясында черногориялық Стефан Савковичпен кездеседі.
Екі боксшымыз да рингке кешкі сессияда шығады. Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 22:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы көрсетеді, эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.