Алматы халықаралық әуежайында ұшақпен соқтығысқан жеңіл автокөлікке қатысты тың ақпараттар белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл әуежайда қызмет ететін арнайы көлік екен. Яғни іс жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері мен әуе көлігіне кедергі келтіргені үшін қаралады.
Найля Жабағина, Алматы халықаралық әуежайының баспасөз жетекшісі:
– Алматы халықаралық әуежайы бұрылу бағыты мен 14-автотұрақ маңындағы жолдың қиылысында ұшақтың әуежайға тиесілі көлікпен соқтығысқанын растайды. Ұшақ FlyJet.kz компаниясына тиесілі. Ұшақ Бакуден бүгін таңғы сағат 6.42 -де келіп қонды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұл ұшақта Бакудегі Конференция лигасындағы «Карабахпен» ойыннан оралған «Қайрат» командасының футболшылары болған.