Еуро-2022: Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кака шәкірттері Италия, Словения және Финляндиямен бір топта ойнайды.

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл Литвада өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, үшінші орын матчта Бразилия құрамасына есе жіберді.