8 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылғы 18 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам салдырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы жазды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 7 128 454 адамды құрады.