16-18 қазан күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағына антициклонның әсер етуі жалғасады. Республиканың көп бөлігінде құрғақ, жылы ауа райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауаның температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі», – делінген хабарламада.