Бокстан әлем чемпионатына қатысатын екі қазақстандықтың есімі аталды

Insidethegames.biz басылымы бокстан Белградтағы әлем чемпионатына қатысатын екі спортшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz

Әлем чемпионатына міндетті түрде қатысатындардың тізімінде қазақстандық екі боксшы бар – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен жасөспірімдер арасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбай.

Бұл турнирде алғаш рет 13 салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.